Еуропадағы ең жайлы қала анықталды

21 Маусым 2023, 22:46 1196

Bounce компаниясы зерттеу жүргізіп, Еуропадағы ең қауіпсіз және мейірімді адамдар тұратын қалаларды атады. Бұл туралы TimeOut сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Рейтинг жасау кезінде Bounce сарапшылары шаһардағы қылмыс пен бақыт деңгейі секілді бірқатар факторға назар аударды.

Осылайша Швейцариядағы Цюрих Еуропадағы ең жайлы қала атағына ие болды. Тізімде екінші сатыда Копенгаген тұрса, үшінші сатыға қылмыс деңгейі төмен Мюнхен жайғасты.

Bounce зерттеуіне сәйкес, Еуропадағы ең жайлы 10 қаланың мізімі мынадай:

  1. Цюрих, Швейцария
    2. Копенгаген, Дания
    3. Мюнхен, Германия
    4. Амстердам, Нидерланд
    5. Вена, Австрия
    6. Стокгольм, Швеция
    7. Берлин, Германия
    8. Прага, Чехия
    9. Эдинбург, Ұлыбритания
    10. Дублин, Ирландия
Перизат Саденова
Бөлісу: