07.01.2025
08:22
903
Еуропада тұмау жұқтырғандар саны күрт артты

Еуропада тұмау жұқтырғандар саны күрт артты

Еуропада тұмау өршіп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Франция мен Испанияда ауруханаға түскендердің саны соңғы бір аптада күрт көбейген. Дені - 15 жасқа дейінгі балалар мен 60-тан асқан адамдар.

Румынияда дерттен 4 адам қаза тапты. Жұқпалы аурудың таралуына тосқауыл қою үшін дәрігерлер халықты тұмауға қарсы екпе салдыртуға шақыруда.

Сондай-ақ Еуропаның бірқатар елдерінде ауруханаларда, адам көп шоғырланатын жерлерде  қайтадан маска тағуға кеңес беріп жатыр.