Еуропада интернеті ең жылдам елдер анықталды

12 Қаңтар, 16:21 2473

Еуропа елдерінде интернет жылдамдығы бойынша зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орташа есеппен алғанда, біз интернетте күніне 6 сағаттан астам уақыт өткіземіз. Бұл сіздің уақытыңызды өте тиімді пайдаланатын сағаттар немесе интернет жылдамдығының әлсіздігіне байланысты жүйкеге салмақ түсіретін сәттер де болуы мүмкін. Сондай-ақ интернеттің жылдамдығы сіздің қай елде тұратыныңызға байланысты сияқты.

Google-дің бетті жүктеу жылдамдығын тексеру деректерін қолдана отырып, Business Comparison салыстыру қызметі Еуропаның әр еліндегі жұмыс үстелі мен мобильді құрылғыларда веб-беттерді жүктеудің орташа жылдамдығын зерттеді. Скандинавия елдері рейтингте айтарлықтай көш бастап тұр.

Euronews.com мәліметінше, бірінші орында жұмыс үстелі беттерін жүктеу жылдамдығы ең жоғары Швеция - 3,74 секунд, екінші орында Финляндия (3,84), 2010 жылы интернетке кіруге заңды құқық берген әлемдегі бірінші ел. Үшінші орында Дания мен Латвия орташа жылдамдықпен 4 секунд болды. Бесінші орында Литва (4,14), одан кейін Швейцария (4,23). Мобильді құрылғылардағы жүктеу жылдамдығына келетін болсақ, мұнда Швеция орташа жылдамдықпен 7,48 секундта ең жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

Рейтингтің соңында ең нашар балл алған Түркияда жүктеу уақыты екі есе дерлік артты (10,22). Бұл 30 жылдық мыс кабельдерге тәуелділікке байланысты екені айтылған. Соңғы бестікке сондай-ақ Болгария (9,38), Румыния (8,59), Кипр (7,18) және Польша (6,09) кіреді. Дәл осы елдер  мобильді құрылғыларда интернетті жүктеу жылдамдығы бойынша нашар нәтиже көрсетті, Түркия тағы да ең баяу - 13,19 секундты көрсетті.

Неліктен мобильді құрылғыларда жүктеу жылдамдығы нашар?

Негізгі факторлардың бірі - мобильді құрылғылар пайдаланатын желі жылдамдығы, ол тіркелген кең жолақты қосылымдарға қарағанда баяу болуы мүмкін, себебі мобильді желілерде деректерді тасымалдау жылдамдығына әсер ететін шектеулер бар. Сонымен қатар, мобильді құрылғының аппараттық құралдарының компьютерлерге қарағанда қуаттылығы төмен.

Мобильді құрылғылардың экраны неғұрлым кішірек болса, соншалықты интернеттегі веб-сайттарға жылдам кіреді. Ал үлкен экранды телефондарда интернет уақыты тиісінше ұзағырақ болады.

Веб-сайттардағы жылдамдықты қалай тездетуге болады?

Бетті жүктеуді тездету үшін қолдануға болатын бірнеше кеңестер бар - бұл үшін басқа елге көшудің қажеті жоқ.

Браузердің соңғы нұсқасын пайдалану және кэш пен cookie файлдарын мезгіл-мезгіл тазалау өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Жарнама блокаторларын орнату жарнаманың әсерін азайту арқылы жүктеу уақытын жақсарта алады.

Желіге қосылған құрылғылардың санын шектеңіз.

Сондай-ақ веб-бетке жүктелетін әртүрлі элементтердің санын азайтуға болады; мысалы, маңызды элементтердің алдымен көрсетілетінін және маңызды емес элементтердің кейінірек жүктелетінін тексеріңіз.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: