Еуроодақ елдері Ресейдегі жағдайға қатысты пікір білдірді

24 Маусым 2023, 21:07 1609

Еуроодақ елдері Ресейдегі әскери төңкеріс әрекетін тыңғылықты бақылап отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Нидерланд СІМ басшысы Вопке Хукстра Мәскеудегі елшілікпен тығыз байланыста екенін және ол «Ресейдегі ішкі оқиғалар» деп атаған жағдай туралы неғұрлым ауқымдырақ мәлімет алуға тырысатынын айтты.

ГФР СІМ басшысы Анналена Бербок өзінің халықаралық серіктестерімен тығыз байланыста екенін айтты және өз азаматтарын Ресейге барудан бас тартуға шақырғанын атап өтті.

ГФР СІМ сайтында 24 маусымда Ресейге сапарлар туралы ұсыныстар жаңартылды. Ведомство Белгород, Курск, Брянск, Воронеж, Ростов-на-Дону және Краснодарға барудан бармауға кеңес береді. Мәскеуде ГФР СІМ мүмкіндігінше үкіметтік, әскери нысандардан, қала орталығынан аулақ болуды ұсынды.

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Ресейдің Украинаға қатысты әрекеттері Ресей Федерациясының ішінде де тұрақсыздық тудырғанын атап өтті. Бұл ретте ол жағдайды бағалау үшін бейінді министрлер мен барлау өкілдерін шақырғанын алға тартты.

Италия премьер-министрі Рим Ресейдегі жағдай бойынша одақтастармен байланыста екенін атап өтті.

Чехия, Румыния және Швейцария шенеуніктері де Ресейдегі жағдайды бақылап отырғанын айтты.

Берік Арманов
Бөлісу: