Еуразиялық экономикалық одағы 52 техникалық регламентті қабылдады

11 Қаңтар 2023, 11:42 1936

Аталған келісімді жасасу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55 бабында тікелей көзделген

Бүгін Мәжіліс отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2021 жылдың 22 қарашасындағы Мәскеуде жасалған үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған келісімді жасасу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55 бабында тікелей көзделген дейді министр.

«Келісім мүше мемлекеттердің үшінші елдермен өзара саудасындағы Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнімге қатысты техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды. Бүгінде одақтың 52 техникалық регламенті қабылданды. Оның 45-і күшке енді», - деді Серік Мақашұлы.

Оған қоса министр келісімді қабылдау одақта және үшінші елдің аумағында белгіленген міндет, талаптардың салыстырмалығын айқындау негізінде, сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Келісімде мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерін баламалығы қамтамасыз етуге тиіс екендігі көзделген. Ұсынылған тәсіл отандық өнімді ілгерілетуге бағытталған, келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген. Осыған байланысты оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге алып келмейді», - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: