Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастық

9 Маусым 2022, 17:07 2357

Бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан және Ресей. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті бағыттары» туралы кездесу өтті,- деп хабарлайды El.kz.


– Бүгінгі таңда, ЕАЭС-тың еңбек нарығы құрылды. Мысалы, ЕАЭС «Шекарасыз жұмыс істеу» деп аталатын электронды біртұтас жүйесін енгізді. Бұл электронды қызметке 500.000 жұмыс орны мен 2.000.000 түйіндеме енгізілген. 2015-2021 жылдар аралығында ЕАЭС-тің өзара сауда қызметі 59% өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, бұл сауда 60 млрд долларды құрады, оның 25 млрд-ы біздің елге тиесілі. Бүгінгі таңда одақ жалпы сомасы 302 миллиард долларды құрайтын 180-нен астам жобаны жүзеге асырып отыр. Бұл ретте ЕАЭС өзара сыйластық пен тиімді негізде ынтымақтастыққа дайын әлемге ашық қауымдастық ретінде орналасқан. Сыртқы сауда айтарлықтай жақсы өсіп келеді. 2015-2021 жылдар аралығындағы өсім 45,62% құрады. ЕАЭС елдері арасындағы сыртқы сауда бәсеңдеп барады. Біз Қазақстанмен экономикаға әсер ететін жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз және жобаға 13 млрд бөлінді, - дейді Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук.

«Ресей мен Қазақстан үшін Еуразиялық интеграцияның тарихы, мәні, және келешегі» туралы баяндамасында Федр Черницын Ресей мен Қазақстанның Еуразиялық интеграциясы тарихтан бастау алатынын атап өтті.


– Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі интеграцияның Қазақстан үшін маңызы зор. Көлік дәліздері: Еділ – Каспий – Хиуа, Орынбор – Ташкент – Бұхара – Қоқан, Семей – Дала – Ташкент Орта Азияның Сібірмен сауда жолдарын байланыстыруды атап өтуге болады. Каспий сырты, Орынбор-Ташкент, Транссібір темір жолдарының құрылысын атап өткенім жөн. Қазақстан сауда нарығында Еуропа мен Азияны біріктіре алатын үлкен жолдың бойында орналасқан. Теңіз арқылы немесе құрлық жолымен де саудамен айналысуға жол ашық. Тарихтан белгілі Ұлы Жібек Жолының өзі бір дәлел. Сауда жолы арқылы Қазақстандағы өзіндік мәдениет қалыптасты. Қазақстандағы сауда жолдары Орталық Азиядағы сауданың дамуына үлкен үлесін қосады. Ал, Ресейдің Орта Азия мемлекеттерімен тауар айналымы 1861 жылға қарай 36 есе өсті. Яғни, сатып алу 8,4 миллион рубльді, ал жеткізу 5,9 миллион рубльді құрады. Осы кезеңнен бастап Ресейде сауда нарығы белсенді, - деді РФ Премьер-Министрінің орынбасары Федр Черницын.

Кездесу барысында Орталық Азия нарығы Орталық Ресейдің өнеркәсіптік өндіріс тауарларымен қанықтыру, Өнеркәсіптік орталық пен ауылшаруашылық жиектерін біріктіру, Кооперациялық тізбектер мен ортақ нарықты дамыту, Еуразияның бірыңғай халықтық шаруашылық жүйесі және толыққанды экономикалық мәдени және тәуелсіз макроөңірді қалыптастыру бағыттары туралы талқыланды.


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының Басқарма Төрағасы, Төтенше және Өкілетті елші Болат Нұрғалиев Қазақстандағы макроиндустриясының дамып келе жатқанын атап өтті.


– Қазақстан 2021 жылдың соңына қарай ЕАЭС-ке қатысты 5 біріккен жобаның қорытындысын шығарған болатын. Олардың ішінде сауда нарығын нығайту сондай-ақ Қазақстандағы темір жолдың маңызы туралы мәселе бар. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан мен Қытайдағы темір жол Орталық Азияға сауда нарығы нүктелеріне үлкен жол ашады, - деді ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының Басқарма Төрағасы, Төтенше және Өкілетті елші Болат Нұрғалиев.

Миражан Махан
Бөлісу: