Есу слаломы: Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті

8 Наурыз, 12:03 738

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэде есу слаломынан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір еліміздің құрамасында 7 медаль бар. Бүгін Екатерина Таранцева 18 жасқа дейінгі санатта байдаркада, ал Анастасия Ананьева 23 жасқа дейінгі санатта каноэде есуде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар Александр Коробов (U18, байдарка) күміс жүлдегер атанды.

Осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы (Қуаныш Еренғайыпов, Әділ Аманбаев, Александр Куликов) командалық сында каноэде есу слаломынан топ жарып, байдаркада күміс жүлдегер қол жеткізген. Ал әйелдер құрамасы (Анастасия Ананьева, Дарья Чешуина) байдаркада және каноэде қос күміске ие болды.

Айта кетейік, биыл чемпионатқа 11 мемлекеттен 150-ден астам таңдаулы спортшы қатысып жатыр. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 8 өкілі бар. Сары құрлық бәсекесі 9 наурызда аяқталады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: