Эстония Ресейді "терроризмге демеуші мемлекет" деп таныды

19 Қазан 2022, 05:38 2259

Эстония парламенті халықаралық қауымдастықты да осыған ұқсас декларация қабылдауға шақырды.

18 қазанда Эстония парламентіндегі 88 депутаттың барлығы резолюцияны қолдап дауыс берді. Қаулы парламент сайтында жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ.

Азаттықтың мәліметіне сәйкес, Эстония парламенті құжатта Ресейдің Украинаға басып кіргенін, азаматтық нысандарға шабуылын, бейбіт тұрғындарды өлтіруін, Украинаның оккупацияланған аймақтарын аннексиялап алғанын сынға алған. Бұған қоса, эстониялық депутаттар Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруды талап етті.

Путин режимі ядролық қарумен қоқаң-лоқы көрсету арқылы Ресейді Еуропа мен әлемге ең қауіпті елге айналдырды - деп жазылған резолюцияда.

Эстония парламенті халықаралық қауымдастықты да осыған ұқсас декларация қабылдауға шақырды.

Бұған дейін Литва мен Латвия парламенті Ресейді "терроризмге демеуші ел" деп танитын резолюция қабылдаған еді.

EL.KZ
Бөлісу: