Эскорт қыздарды ұйымдастырған Айка апелляция берген

12 Шілде, 14:51 873

Бүгін эскорт қыздар желісін ұйымдастырған Айка апелляция берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соттың бспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Бүгін желіде блогер Айканың ісі жалғасын тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы қалалық сотының мәліметінше, Айка шынымен де үкімге апелляция берген.

Ведомство бұл іс жабық режимде өтіп жатқанын, оған БАҚ қатыстырылмайтынын еске салды.

Әзірге апелляциялық шағым мерзімі белгісіз.

Бұған дейін оны 6,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: