Есірткіге қарсы күрес: Астанада 5 айда 500-ден астам қылмыс тіркелді

12 Маусым, 20:44 453

2024 жылдың 5 айында Астана қаласы Полиция департаментінің бөлімшелері есірткіге қатысты 528 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 173-і бойынша қылмыстық іс қозғалса, 132-сі есірткі сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты болып отыр. Бұл туралы Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

2022-2024 жылдар аралығында елордада 9 есірткі зертханасының қызметі анықталып, жолы кесілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі нарығында өсімдік тектес дәстүрлі препараттарды (марихуана, гашиш және тағы басқа) «синтетикалық» деп аталатын «дизайнерлік препараттармен» қарқынды ауыстыру белсенді үдерісі жүріп жатыр, - деді спикер.

Оның айтуынша, елордада синтетикалық есірткіге қатысты есірткі қылмысының 206 фактісі анықталды.

Бұл жұмыста азаматтар белсенділік танытуда. Олардың мәліметі бойынша биыл дәрі-дәрмек сататын 50 веб-сайт бұғатталды, сонымен қатар граффитиді жарнамалайтын онлайн дәріхана дүкендері жойылды. Есірткі тұтынушылардың санын азайту мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары күшейтілуде, - деді полиция майоры.

Полиция қызметкерлері әкімдікпен, басқа да мүдделі органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп 214 профилактикалық іс-шара (акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық іс-шаралар, жарыстар) жүргізді.

Есірткіге жол жоқ» тақырыбында қалалық және аудандық прокуратура өкілдерімен, Астана қаласының «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктіліерімен кездесулер мен әңгімелер өткізілді. Елордада жоғары оқу орындарының студенттерімен де профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Есірткіге қарсы бағыттағы және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы фото және бейнематериалдарды көрсету, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпаратпен таныстыру арқылы студенттермен кездесулер өткізілді, - деді Әлия Қибатқызы.

Зарина Арман
Бөлісу: