Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

16 Тамыз 2022, 17:49 1140

Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде героин өткізумен айналысқан

Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде героин өткізумен айналысқан.

Бөлісу: