Есірткі сатқан Ақтөбе тұрғыны ұсталды

31 Қаңтар 2023, 09:54 1825

Бұл туралы ҚМА мәлім етті

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді. 

Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Қаржылық барлаудың аналитикалық материалдарына сәйкес, жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушыны құрайтын 22 интернет-дүкен әшкереленді.

EL.KZ
Бөлісу: