Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің екі бастығы ұсталды

9 Сәуір, 15:47 757

Желіде Жамбыл облысында екі полиция подполковнигі пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Антикор түсініктеме берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысының полиция қызметкерлерінің ұсталу фактісін растады.

Бұған дейін желіде аймақтағы екі жоғары лауазымды полицей пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама пайда болған.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бөлім басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, – деп жазылған мемлекеттік мекеменің хабарламасында.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: