Есірткі қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді

17 Қараша 2023, 23:31 716

Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында 52 жастағы қазақстандық ұсталды. Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіру жариялаған болатын. 

Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді. Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.

Перизат Саденова
Бөлісу: