Есіл арнасы арам шөптен тазартылып жатыр

23 Маусым 2022, 04:31 2171

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінің учаскелерінде, сол сияқты оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ салаларында арам шөптер мен артық өсімдіктерді тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды EL.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыбұлақ бұлағының арнасын Қарасай батыр көшесінен зиратқа дейінгі учаскеде арнайы техниканы (экскаваторды) пайдалана отырып тазарту мақсатында өсімдік-тамыр қабатын (шымтезек, түптік, лай шөгінділері) жою жұмыстары жүргізілді, шөгінділердің көлемі 7824,64 текше метр болды.

Сонымен қатар Сарыбұлақ бұлағында Қарасай батыр көшесінен Конституция көшесіндегі көпірге дейінгі учаскеде, Ақбұлақ бұлағында Амман көшесінен Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде, Есіл өзенінде «Арыс» көпірінен Амман көшесіне дейінгі учаскеде екі жағалау бойынша, сондай-ақ «Газмашаппаратура» ауданында қамыс және құрақ шабу жұмыстары 4996,67 шаршы метр ауданында жүргізілді. Қамысты шабу триммерлерді қолдану арқылы жүргізілді, арамшөптерді шабу триммерлермен де, ені 2 метр шөп шабатын матамен жабдықталған арнайы техникалық құралдармен (Mecalac) жүргізілді.

Елорда полигонына барлығы 429 тонна қамыс пен шөп, оның ішінде өсімдік-тамыр жамылғысы жиналып, шығарылды.

Бұл жұмыс күнделікті жүргізіледі.
EL.KZ
Бөлісу: