Ақмола облысының Атбасар ауданында 100-ден аса ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ығып, мұз құрсауында қалып қойған жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі.
Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығаруда. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға таси бастаған.
Шығын көлемі есептелген жоқ. Мамандар суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді.