16.04.2024
21:36
968
Есіл өзені арнасынан шығуына байланысты ауылға азық-түлік моторлы қайықпен жеткізілуде

Есіл өзені арнасынан шығуына байланысты ауылға азық-түлік моторлы қайықпен жеткізілуде

Ақмола облысында Есіл өзенінің арнасынан шығуына байланысты Жарқайың ауданының Баранкөл ауылымен автомобиль қатынасына шектеу қойылды. Осыған байланысты құтқарушылар ауылға азық-түлікті моторлы қайықпен жеткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, Жарқайың ауданы ТЖБ қызметкерлері және Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен қосымша азық-түлік пен дәрілік заттарды тасымалдауда. Сондай-ақ, ауылдан жасөспірім эвакуацияланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.