Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін күзетілмейтін теміржол өткелінде DAF және Mercedes маркалы көліктері соқтығысты. Оқиға19 шілдеде сағат 13:07–де болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жол-көлік оқиғасы пойыздар қозғалысына кедергі келтірген. Зардап шеккендер жоқ.
ҚТЖ мәліметінше, сағат 13:56-да тіркеме жолдан шығарылып, учаскедегі қозғалыс қалпына келтірілді. Жол апаты туралы ақпарат Есіл қаласының жол полициясына берілді.
Айта кетсек, өткел қажетті белгілермен жабдықталған.
Еске салсақ, кеше 18 шілдеде Шу-Шығанақ учаскесінің теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығыса жаздаған болатын.