25.07.2022
19:42
2807
Есік қаласындағы атыста күдікті ретінде ер адам ұсталды

Есік қаласындағы атыста күдікті ретінде ер адам ұсталды

Алматы облысының Есік қаласында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Полиция қылмысқа қатысты бар деген күдікпен 30 жастағы тұрғынды ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергелуде. Полиция оқиғаға қатысқан өзге де тұлғаларды іздестіріп жатыр, – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.