28.07.2022
23:22
3114
Есік қаласындағы атыс: тағы екі күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атыс: тағы екі күдікті ұсталды

Алматы облысының полициясы Есік қаласында болған атысқа қатысы бар тағы екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz.

Облыстық полиция депратаментінің ақпараты бойынша, олар 27 шілде күні ұсталған. Екеуі де бұған дейін істі болған.

– Осыған дейін де негізгі күдікті ұсталған болатын. Үш күдікті де тергеу изоляторында отыр. Тергеу Қылмыстық кодекстің үш бабы – "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Бұзақылық" бойынша қозғалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, қақтығыс кезінде қолданылған қару тәркіленді.