Ешқандай қазақ келініне айырбастамаймын – Бүркіттің анасы келіні жайлы

20 Шілде 2023, 12:27 5363

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт өзінің Instagram-дағы парақшасында анасының келінін мақтап, ешқандай да қазақ қызға айырбастамайтынын айтқан видеосын салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаның тәрбиесіне, жайдары мінезіне ризашылығын жеткізді:

Келініме рахмет айтамын. Осы келінді тапқан Айбегіме рахмет айтамын. Мінезі жақсы, өте жайдары, ешқандай келінге, ешқандай қазақтың келініне айырбастамаймын. Өте жақсы адам.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар әншінің анасы келіні жақсы болғандықтан да мақтайтынын, сол үшін де Аллаға шүкіршілік ететінін жеткізді.

Бір-біріңді тапқан екенсіңдер. Қара домалақ балаларды өмірге әкелді. Ата-анасынан аумай қалған. Мақтанып кетті демеңіздер. Мен жақсы болған соң айтып отырмын. Жаман болса, төмен қарап, ұялып отырар едім. Қазір мен қуанып отырмын. Алла Тағалаға риза болып отырмын, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Аиша (шын есімі – Жансейітова Виктория Игоревна) – қазақстандық әнші, актриса әрі блогер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: