«Ешкімді тастаған жоқпын»: Айқын бірінші әйеліне қатысты сұраққа жауап берді

3 Қыркүйек, 18:35 10310

Танымал әнші Айқын Төлепберген оқырмандарымен сырласып, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Miss Kazakhstan жобасының жеңімпазы Айдай Исаева парақшасында өнер иелері туралы тренд видео түсірді. Оқырман қауым өнер иелері Айқын мен Жұлдызды бірге көріп, Айқынның бірінші әйелі туралы сөз қозғады.

«Айқын бірінші әйелін тастап кеткелі, ұнамай қалды. Әндерін де тыңдамайтын болдым», «Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын», «Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім» деп жазды желі қолданушысы.

Әнші оқырманына жауап қайтарып: «Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын», – деп жазды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: