«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» облыстық форумы өтті

5 Мамыр 2018, 12:03 2318

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, жауынгерлердің ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Осы орайда ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Талдықорған қаласы, Достық үйінде  9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты облыстық форум өтті.

Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, Ескелді, Көксу, Қаратал ауданы мен Текелі қаласының Ұлы Отан соғыс ардагерлері, Алматы облыстық ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Лариса Котельникова құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлердің ерлігін еш уақытта ұмытпауымыз керектігін айтты.

Шара аясында қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырылып, соғыс кезіндегі әндер шырқалып, ардагерлерге сыйлықтар мен гвоздика гүлі тарту етілді.

Бөлісу: