Финалдық шығарылымда өнер, тарих, география, спорт, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне қатысты сан алуан сұрақтар тоғысады. Шара Жиенқұлованың шығармашылығынан бастап, әлем өзендері мен әйгілі спортшыларға, ұлттық әдет-ғұрыптар мен қызықты деректерге дейінгі тақырыптар қамтылған. Әр кезеңде тың мәліметтер мен тосын жауаптар күтіп тұр. Зияткерлік сайыстың шешуші бөлімінде кім жеңімпаз атанады?