Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошы Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс жолында Қуанов тартысты белдесулер өткізіп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Грузия өкілі Михейли Бахбахашвилиден басым түсті.
Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль. Бүгін сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күресетін болады.
Аталған турнирде кеше қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізген.