Грек-рим күресінен Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Ержет Жарлықасын Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай ширек финалында Айтжан Халмахановпен (Өзбекстан) күш сынасып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді отандасымыз өзбек спортшысының жартылай финалдағы нәтижесін күтеді. Егер Халмаханов ақтық сынға өтсе, Ержет ертең жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Жарлықасын былтыр күзде Албанияда өткен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.