Өскемен қаласында Ертіс өзенінде ағын алып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі «Восточник-3» саяжай қоғамдастығы аумағындағы Ертіс өзенінде адамды ағын алып кеткенін байқап қалған куәгерлер бірден құтқарушыларға хабар берді. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен шықты.
Ер адам судан қолын шығарып, бұталардан ұстап үлгеріп қалған. Құтқарушылар сол жерге шұғыл түрде жетіп, 36 жастағы азаматты алып шықты. Содан кейін құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, - делінген ақпаратта.