Ертіс өзені арнасынан тасып, су басу қаупі төнді

15 Ақпан, 22:00 1021

Абай облысы Восход кентінің аумағындағы Ертіс өзенінде ұсақ мұз жиналуының салдарынан өзен суы арнасынан шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Заливная көшесінде орналасқан 10 ауладағы құрылыстарды су басу қаупі туындаған. Ал тұрғын үйлерді су баспаған.

Кент тұрғындарымен жағдай нашарлаған жағдайдағы әрекеттер жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықты уақытша орналастыру үшін орындар дайындалды. Оқиға орнында Семей қаласы ТЖБ және "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері Ертіс өзеніне мониторинг жүргізуде деп мәлімдеді министрліктен.

Мамандар ағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: