«Ертіс орманынан» шыққан орман өрті сөндірілді

6 Шілде 2023, 23:53 861

Павлодарда «Ертіс орманынан» шыққан құрғақ шөп пен орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 шілдеде сағат 22.06-да  «Ертіс орманы» резерватының аумағындағы  құрғақ шөп пен орман өрті шамамен 13,37 гектар алаңда оқшауланды. Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ  (Галкин орманшылығы, №66, 67 орамдар) аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман (қарағай, жас талдар) жанды, - делінген Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталды.

Берік Арманов
Бөлісу: