Ертең қар жауып, көктайғақ болады - Қазгидромет

6 Сәуір 2023, 19:12 818

Синоптиктер 7 сәуірде Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде 0-5 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 2-7 градус жылы болады. Облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсік жүреді, температура одан әрі төмендей береді.

8 сәуірде түнде облыстың шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, күндіз 0-5 градус жылы болып, ары қарай суыта береді.

Павлодар облысының солтүстік, батыс аймақтарында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман болжанады. 8 сәуірде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 8 сәуірде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -2 градустан 3 градус жылыға ауысады. Одан әрі температура төмендей береді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

EL.KZ
Бөлісу: