23.11.2022
05:18
1485
Ертең Павлодарда жарық болмайды

Ертең Павлодарда жарық болмайды

Ертең Павлодарда бірқатар үйлер мен нысандар жарықтан ажыратылады, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 
Бұл энергия желілерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты. «Павлодарэнерго» АҚ мәлімдеуінше, 23 қараша күні, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жарық болмайды.

«Жарық Байжанов көшесі, 2, сондай – ақ Хрустальная көшесі-Омбы тас жолы-Арғынбаев көшесі-Потапов көшесі, Перевалочная көшесі, 9-1, Царев көшесі, 23, ЖМҚС, Орман зауыты ауданының аумағындағы үйлерде энергия болмайды», - делінген хабарламада.

Сол күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін Ермаков көшесі 9, 11, 21 үйлер электр энергиясынан ажыратылады. 
Энергокомпания павлодарлықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.