13.04.2023
21:14
1559
Ертең елімізде қар жауады

Ертең елімізде қар жауады

14 сәуірде елордада және еліміздің басқа өңірлерінде қатты нөсер соңы қарға ұласып, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с. Жезқазған қаласында 14 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғып, бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстік бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Оралда 14 сәуірде күндіз қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.Қостанайда 14 сәуірде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с. Қызылорда қаласында 14 сәуірде кей уақытта шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Шымкентте 14 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 14 сәуірде күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысыныңоңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с. Ақтауда 14 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 14 сәуірде күндіз - 15 сәуірде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 15 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді. Таразда 15 сәуірде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 14 сәуірде күндіз - 15 сәуірде тәулік бойы, екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с.

Солтүстік-Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), жаяу бұрқасын, облыстың солтүстік-батысында көктайғақ, 15 сәуірде облыстың оңтүстік-шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 14-15 сәуірде облыстың солтүстік-батысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 14 сәуірде күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 14 сәуірде күндіз 0-5 жылы, облыстың солтүстік-батысында 3 градус аяз болады.

Ақмола облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 14-15 сәуірде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 14 сәуірде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 14 сәуірде күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы.

Астанада 14 сәуірде жаңбыр, кешке қатты жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кешке көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында күндіз жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр соңы кешке қарға ұласады) жауады. Күндіз 14 сәуірде, 15 сәуірде тәулік бойы облыстың солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 14 сәуірде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.