11.07.2023
19:56
1350
Ертең биылғы жаздың ең ыстық күні болуы мүмкін

Ертең биылғы жаздың ең ыстық күні болуы мүмкін

Ертең, 12 шілде – Астанада биылғы жаздың ең ыстық күн болуы мүмкін, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Гидромет орталықтың директоры Марина Шмидтің айтуынша, қазір ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық орын алуда және жоғары өрт қауіптілігі сақталып отыр.

Елордада сәрсенбі, 12 шілдеде ауа температурасы 38-40 градусқа жетеді деп күтілуде.

Ал жаңбыр тек 14 шілдеде жаууы ықтимал. Оның өзінде сынап бағанасы 30-32 градусқа көтеріледі.