Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары мен студенттер онлайн оқиды

9 Қаңтар 2023, 20:29 1729

Мұндай шешім ауа райына байланысты қабылданды

10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.

Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

EL.KZ
Бөлісу: