Ертегілер елінде жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаражат керек?

Ертегілер елінде жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаражат керек?

Жаңа жылды әлемнің әр елінде өзіне тән дәстүрлермен тойлатып, түрлі бағдарламалар әзірлесе, Финляндияда өзіне тән ерекше үрдістермен тойлатады. Бәлкім содан да болар, Финляндия жаңа жылда ертегілер еліне айналады. Сондай-ақ финдер бұл түнді тек қолда барды тойлау емес, сонымен бірге өткен жылға есеп беріп, алдағы жылға үміт арту сәті ретінде қабылдайды.

Отбасымен және өнеркәсіппен бөлісу

Финляндияда Жаңа жыл қарсаңында адамдар әдетте отбасымен немесе жақын достарымен бірге кешкі асқа жиналады. Бұл мереке жай ғана кешкі ас емес, маңызды отбасы уақыты болып саналады. Бір-біріне жылы тілектер айтылып, жаңа жылға жоспарлар мен мақсаттар қойылады.

Кешкі ас өзге еуропа елдерімен салыстырғанда өте ерекше болып келеді, онда көбіне жеңіл тағамдар мен дәстүрлі фин тағамдары орын алады.

Айрықша дәстүр - балқытылған мыс құю

Финляндиядағы ең ерекше дәстүрлердің бірі, балқытылған мыс құю кеші болып саналады. Бұл жерде кішкентай мыс пеште балқытылып, кейін суық суға құйылады. Суық судан шыққан пішін сол адамның келер жылғы тағдыры туралы болжам береді. Жүрек пішіні - махаббат, шеңбер - үйлену, көлік пішіні - саяхат деген сияқты ырымдармен келер жылды болжайды. Бұл дәстүрдің мәні қатты сенімге негізделмесе де, отбасы арасында көңіл көтеру мен әзілі үшін өте танымал.

Түні бойы жалғасатын отшашулар мен концерттер

Финляндияда жаңа жыл түні сағат 18:00-ден 02:00-ге дейін жеке тұлғалар шағын фейерверктерді заңды түрде атқызып, аспанды жарықпен безендіре алады.

Хельсинки сияқты ірі қалаларда мереке жанында концерттер, халықтық жиналыстар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылады. Сағат 00:00-ге жақындаған сәтте қалалық алаңдарда немесе арнайы сахналарда есептік санақ жүргізіліп, аспанға үлкен салюттар атылып, отшашулар шарықтайды.

Қаладағы көңіл-күй мен ортаның ерекшелігі

Жаңа жыл Финляндияда қарбалассыз әрі жылы өткенімен ерекшеленеді. Көп адамдарға бұл түн табиғатпен байланыс орнататын уақыт: қысқы салқын ауа мен қысқы жарықтар аясында серуендеу, саябақтардың тыныштығын сезіну және жылы жейдемен көшеде серуендеу де үлкен қуаныш әкеледі.

Қазақстандық туристер үшін де есік ашық

Қазақстандықтар тек ыстық тропикалық аймаққа ғана демалуға барады десеңіз қателесесіз. Дәл осы ертегілер елі саналатын Финляндияға баруды әдетке айналдырған отындастырымыздың саны жылдан жылға артып келеді екен. Қазірдің өзінде тур фирмаларда орын қалмаған. Бастапқыда адам басына 2 миллион теңгеден сатылған жолдамалар, желтоқсан айында 4-5 миллион теңгені құраған.

Қазір жаңа жылды отбасымен шетелде қарсы алғысы келетін отандастарымыздың саны артып келеді. Оның үстіне еуропа елдеріндегі турларды таңдайтын тұтынушылар да өте көп. Сіз айтып тұрған Финляндия еліне қазір орын қалмады. Тур бағасы қымбат болса да, нағыз жаңа жылды көру үшін қаржыны аяп қалғысы келмейтіндер өте көп – деді тур фриманың бас менеджері Ғалия Доспаева.

Сонымен қатар, тек жаңа жыл кеші үшін емес, Финляндияның тұмса табиғаты мен бұғыларын тамашалауға қызығатындар көп дейді менеджер.

Финляндияны ерекшелеп тұрған қасиеттердің бірі – орманды алқабы мен жаңа жылдық бұғылары болып тұр. Біздің қызметке жүгінетін тұтынушылардың басым көпшілігі, қалың қар үстінде атшанамен сырғанау сервисін алады, - дейді Ғалия Доспаева.

Сондай-ақ, отандастарымыз жаңа жылды қарсы алу үшін Норвегия, Франция және Швейцарияға да көптеп баратыны белгілі болды.