01.09.2023
10:56
2175
Ермұрат Бәпи Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақпен келді

Ермұрат Бәпи Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақпен келді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақ сүйеніп келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, мәжілісмен каникулға шыққан соң ертеңіне-ақ құлап, аяғын шығарып алғанын жазғанбыз. Сол үшін ол өңірлерге сапарын да кейінге қалдырған болатын.

Тілшілер депутаттан демалысты қалай өткізгенін және жаңа маусымда қандай бастамалар көтеретінін сұрады:

Жаз бойы жаттым, үйде болдым, осыны да (балдақты нұсқап - редакция) көрейік дедік. Сессия енді басталады, төрт қабырғаға қарап жатып, біраз ой түйдік, - деді ол.