Ермұхамбет Қоныспаев ТМД ПАА байқаушыларымен кездесу өткізді

19 Қараша 2022, 20:40 1360

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары тобымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев  20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу барысын байқау үшін елімізге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары тобымен кездесті,  деп хабарлайды El.kz СІМ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Е.Қоныспаев ашық және әділетті сайлау өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін түбегейлі мәнге ие екенін ерекше атап өтті. 

Қазақстан сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік екені, сондай-ақ халықаралық әріптестермен осы бағытта ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екені аталып өтілді. Осыған байланысты халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен іске қосуға маңызды мән беріледі. 

ТМД ПАА байқаушылары алдағы сайлауға дайындық барысын жоғары бағалай отырып, елімізде ашық және кедергісіз халықаралық байқау үшін тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті. 

EL.KZ
Бөлісу: