Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі атанды

23 Қыркүйек, 17:44 811

Ермек Маржықпаев Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің кеңесшісі атанды. Бұл туралы премьердің ресми сайтында хабарланды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің қаулысымен Маржықпаев Ермек Боранбайұлы премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, - делінген құжатта.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астанада туған.

2019-2023 жылдар аралығында Ақмола облысының әкімі болды. Ал 2023-2024 жылдар аралығында туризм және спорт министрі қызметін атқарды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: