Ермек Маржықпаев министр лауазымынан босатылды

31 Тамыз, 09:01 780

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың мәліметінде.

Еңбек жолы:

1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 

1992-1995 жж. –  «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.

1995-2008 жж. –  «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры

2008 жылдың сәуірі–  2012 жылдың сәуірі  –  Аршалы ауданының әкімі.

2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді  ауданының әкімі.

2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы –  Ақмола облысы әкімінің орынбасары 

2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды. 

2023 жылғы 2 қыркүйекте туризм және спорт министрі болып тағайындалды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: