Ермек Маржықбаев Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті

23 Мамыр, 23:15 745

Маржықпаев пен Дегтярев Ресей Федерациясы мен Қазақстанның спорт саласындағы ынтымақтастығын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің саммитінде Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен келіссөз жүргізді.

Алматыдағы екіжақты келіссөз аясында Ресей тарапы өзара қарым-қатынасты нығайту және екі елдің одан әрі дамуы үшін бірлескен жұмысты талқылады. Былтыр екі ел арасында 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған болатын. Бұл жоспар спорттың 16 түрі бойынша 31 іс-шара өткізуді қамтиды.

Бұл құжат тек министрліктер арасында ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің спорт ұйымдары арасында да ынтымақтастықты арттыру үшін бағдар бола алады. Кездесу барысында Маржықпаев пен Дегтярев екі елдің спорт ғылымын дамыту және медицина саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Қазақстан 1996 жылдан бастап жазғы, 2019 жылдан бастап қысқы «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарына қатысып келеді. Биыл да қазақстандық спортшылар аталған ойындарға қатысады. Ал ресейлік спортшылар Қазақстан аумағында өткен 11 халықаралық жарыста өнер көрсетті.

Қазақстан мен Ресейдің спорт ұйымдары спорттық білім мен медицина, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиындары мәселелері бойынша жемісті жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар биыл Қазанда алғаш рет «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өткен болатын. Аталған ойындарға спорттың 13 түрінен 48 қазақстандық спортшы қатысты. Осы орайда, спорттық жарыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Оған турнирдің ашылу салтанатында өзім куә болдым, - деді Ермек Маржықпаев.

Кездесу соңында Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев Ермек Маржықпаевты Қазандағы БРИКС спорт ойындарына шақырды. Өз кезегінде Ермек Маржықпаев Дегтяревті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына шақырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: