16.06.2025
13:28
1168
Ерлі-зайыпты шекарадан киімге жасырып 715 млн теңгені алып өтпек болған

Ерлі-зайыпты шекарадан киімге жасырып 715 млн теңгені алып өтпек болған

Румынияның шекара қызметі елге 1,4 миллион АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған ерлі-зайыптыны ұстады,деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл туралы Страна.ua сайты мәлімдеді.

Ақшалай қаражат ерлі-зайыптылардың денесіне жабыстырылып, киім астына мұқият жасырылған. Ұсталғандар — 49 жастағы Украина азаматы және оның 39 жастағы әйелі.

Тексеру барысында ер адамның денесінен 810 мың доллар, ал әйелінен 590 мың доллар табылған. Құзырлы органдар аталған соманы тәркілеп, әрқайсысына 3 400 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды.