Ерлан Дәкенов: Мемлекет басшысы сахна саңлақтарын бір қуантты

21 Мамыр 2022, 16:04 2546

Өнер майталмандарына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында өнер саласында қызмет ететін бір топ өнер майталмандарына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Осындай айтулы күнде өнер саласындағы әріптестері жылы лебіздерін білдірген болатын.

– Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында Мемлекет басшысы сахна саңлақтарын бір қуантты. Араға 23 жыл салып «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтару туралы шешімі осы жолда адал қызмет етіп жүрген өнер майталдарының алдында жаңа мақсаттарды айқындады! Ері еліне тіреу болып, елі еріне сүйеу болып, әдебиет пен мәдениетіміздің, ана тіліміз бен ата дәстүріміздің ғұмыры баянды болсын, - деді Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов.

 

Сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Ақназарқызы өз әріптестерін бүгінгі марапатымен құттықтады.

– Өз әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Марапат құтты болсын. Шығармашылық табыстар тілеймін. Сіздердің еңбектеріңіз халықтың алдында ойнаған спектакльдер мен киноларыңыз бәрі ақталғанына қуаныштымын. Әсіресе Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Райхан Айтқожанованың құттықтаймын. Ол кісі театрларда да жұмыс істеген. Сондай-ақ киноларға да түскен. Барлық әріптестерімді осы атақтарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер, деп жылы лебізін білдірді театр және кино артисі, Лейло Ақназарқызы.

(Фото пікір білдірушінің жеке мұрағатынан алынды)

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: