Еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы күміс жүлде иеленді

17 Тамыз 2023, 05:09 887

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел құрамасынан 16 тамызда еркін күрестен Ризабек Айтмұхан (92 келі) алғашқы белдесуде қырғыз спортшысы Нұрболат Адылуулуды, одан кейін канадалық Самуэль Перейраны жеңді. Жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді қапы қалдырса, финалда ирандық Мохаммадмобин Голомалимиге жол берді.

Айта кетейік, Ризабек биыл Алматыда өткен еркін күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарған. Осыдан кейін Астанадағы ересектер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Берік Арманов
Бөлісу: