Отандық әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында романтикалық сурет жариялап, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгіртті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін де Ақбота Сейітмағамбет той көйлегін киіп, бейтаныс ер азаматпен түскен суретін салған. Оқырмандар әншінің жанындағы ер адамның кім екенін анықтауға кіріскен, кейбіреулері мұны бейнебаяннан үзінді десе, екіншілері актриса шынымен де тұрмысқа шыққан деп болжап отыр.
«КешYOU» тобының бұрынғы солисі тағы бір сурет салып, Қазнетті тағы бір шулатып қойды. Бұл жолы Ақбота жанындағы жігіт екеуінің артқы жақтан түсірілген суретін жариялады. Екеуі қол ұстасып кетіп барады. Ал суреттің астына былай деп жазған:
Сенің қасыңда тыныштықтың өзінде көп мән бар.
Оқырмандардың барлығы әншіге бақыт тілеп жатса, кейбіреулер Ерке Есмаханның қыздарға жол ашқанын жазып жатыр.
«Биыл бәрі күйеуге шығып кетсін, Ерке жол ашты ғой», «Бақыттарың баянды, тағдырларын аяулы болсын айналайын, Ботажан», «Әрбір адам екінші мүмкіндікке лайық», - деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram