27.12.2023
09:52
9232
Ерке Есмахан Жаңа жыл қарсаңында отбасылық суретін жариялады

Ерке Есмахан Жаңа жыл қарсаңында отбасылық суретін жариялады

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тыңдарманына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында отбасылық суреттерін салып, жаңа жылға тілегін жеткізген.

2023 жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне, 2023 жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір!
Төртеу түгел болып, бұдан да көбейіп, жылдан-жылға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Барлық арманыңыз орындалсын! 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! – делінген жазбада.