Ерке Есмахан шетелден үй алатынын мәлімдеді

11 Қазан 2023, 13:10 1144

Ерке Есмахан жолдасы Райым екеуі Алматыдан жер үй аламыз деген ойынан бас тартып, баспананы шетелден алу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деді. Бірақ ол ойдан айныдық. Ақылдаса келе «Қазақстанда бір үй бар, екінші үйді шетелден алайық» деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшіп кетпесек те, барып айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса, ол күн де алыс емес. Әзірге бар ойымыз кішкентайдың қамы. Аман-есен босанып алайын, - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Жұлдызды жұп некесін биыл қаңтарда қидырған. Ал осыдан біраз уақыт бұрын бейнебаян арқылы Еркенің жүкті екенін жұртқа сүйіншілеп жеткізді. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: