Ерке Есмахан кіші ұлының суретін жариялады

30 Қазан, 08:29 611

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы оқырмандарын кіші ұлы Исламның суретін салып қуантып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

39 жастағы өнер иесі ұйықтап жатқан ұлының суретін Stories-те жариялады.

Үйдің бар шаруасын аяқтап, енді ұйықтап жатыр, - деп жазды Ерке.

Бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі RaiM екеуі тағы бір ортақ ән жазғанын сүйіншілей хабарлаған.

Өнер иесі талантты жан жарымен жұмыс істегеніне қуанышты екенін айтты. Ерке күйеуімен түскен видео жариялап, шығармашылығындағы жаңалығын жария етті. Әртістер «Ойыңды айтшы» әнін көпшілік назарына ұсынған.

Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі - бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім хит болды екен деп, соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, ол - RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты, - деп жазды Ерке Есмахан.

Перизат Саденова
Бөлісу: