Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады

15 Ақпан, 12:06 5094

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан анасы екеуінің түскен суретін салып, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерке Есмаханның анасы туған күнін атап өткен. айтулы күнде өнер иесі әлеуметтік желіде бірнеше суретін жариялап, анасына жүрекжарды тілегін жеткізген.

Жаны мақпалдай жұмсақ анашым! Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын! Мама, ұзақ жасаңыз, ауырмаңыз! Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің алдында аман-сау, күліп-ойнап жүріңіз.

Менің еркелеп, ән салып жүргенім алдымен Алланың, екінші осы жан анашымның дұғасы, сосын сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің арқасы.

Аналарымыз аман болсын! – деп жазды Есмахан.

Өнер иесінің оқырманы да құттықтауға қосылған. Көпшілік әншісінің анасының сұлулығына тамсаныпты.

«Анаңыз неткен сұлу», «Жымиғандарыңыз ұқсайды екен», «Анаңыздың жанында болғаны қандай керемет», «Анаңыз жүз жасасын!», «Мен құрметтейтін екі ана», - деп жазды пікр білдірушілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: