Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

8 Ақпан 2023, 16:22 1498

Бұл туралы АҚДМ мәлім етті

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
 
Қажетті заттар:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
 
Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
 
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

EL.KZ
Бөлісу: