Еріктілер форумы: Еріктілерге ақша төленсе, олардың саны азаяды

9 Маусым 2023, 18:45 2206

Ерікті – өз білімін, уақытын және еңбегін жақсылыққа айналдыруға шын жүректен ұмтылатын, оның орнына ештеңе күтпейтін адам. Ол бір мақсатқа бағытталған адамдармен ортақ жетістікке жету үшін өз бетінше әрекет етеді. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі әр өңірде осындай іспен айналысып жүрген еріктілер тобымен тілдесті.

Ақтөбе қаласында «Медик» деп аталатын еріктілер тобы 2018 жылдан бастап «Birgemiz:Saulyq» жобасы бойынша жұмыс істеп келеді. Топ жетекшісі Бақтияр Баймахан. Құрылған кезден бастап осы күнге дейін волонтерлік топтың басшысы Ақтөбе қаласының тұрғындарына, аз қамтылған отбасыларға, қарттар үйлеріне, көп балалы отбасыларға, балалар үйлеріне тегін алғашқы медициналық көмек, азық-түлік және қол көмегі бойынша көмек көрсетумен және қан донорымен айналысып келеді.

Топ жетекшісін сөзге тартып, ерікті тобын құру ойы қалай келгенін сұрадық. Айтуынша, алғашында «мейірім еріктілер» тобы болып 2011 жылы М.Оспанов атындағы медицина университетінің жанынан құрылған екен. Кейін, 2018 жылдан бастап «Медик волонтер» тобы болып өзгертіліпті.

Мен 2018 жылдан бері осы топқа жетекшілік етіп, топтың медицина бағыты бойынша жұмыс істеуіне атсалыстым. Қазір жалпы медицина мамандығының 5 курсында оқып жүрмін, негізі фельдшер мамандығы бойынша бітірдім, – дейді ерікті.

Бүгінде бұл бағыт бойынша атқарылған жұмыстар аз емес. Әсіресе, пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне көп көмегі тиген. Қан доноры болуға атсалысып, алғашқы көмек көрсету бойынша 500-ге жуық адамды тегін медициналық иньекциялар салу бойынша ақпараттық қолдау білдірген.

Ерікті болу оңай емес. Өз уақытын қиып, ұйықтамай көмек көрсету әр адамның қолынан келмейді. Шыдамды болу қажет және адамға ерік-жігер керек. Бүгінде жастардың ерікті болуға деген белсенділігі және көптеген бағдарламаларға байланысты қызығушылығы да арта түскен, – деді ол.

Еріктілер тегін жұмыс істей отырып, өзгелерге қолұшын береді. Бірақ ол үшін бір тиын да алмайды. Ал ақша төленген жағдайда еріктілердің саны артуы мүмкін бе деген сауал тастадық.

Ақша төленеді деп ойламаймын. Ол кезде оны адамдар жұмыс көзіне айналдырып алады. Яғни, еріктілер саны азаяды деген сөз. Ал істеген еңбегіне байланысты ынталандыру сыйлықтары көбейсе, сол да жеткілікті деп ойлаймын. Медицина бағыты бойынша бірқатар бағдарламалар бар. Оған қатысу үшін құжаттама көп. Біз студенттер көп жағдайда атсалысуға үлгермейміз. Сол үшін шағын шаралармен айналысып жүрміз, – дейді топ жетекшісі Бақтияр Баймахан.

Волонтер ретіндегі ең үлкен алға қойған мақсат ауыратындар санын азайтып, яғни, нашақорлықтың алдын алып дені сау ұрпақ тәрбиелеу дейді.

Ал Ақмола облысында «Еsirtkisiz bolashaq» тобы 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Топ жетекшісі – Ербол Амантаев. Ерікті жас 2020 жылы өзіне басшы болу туралы ұсыныс түскенін айтты.

Осылайша, 2021 жылдан бастап облыста біздің штаб ресми түрде ашылды. Бүгінде Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Разия Курсанова мен бірге біз оқу орындарда бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Біз сондай-ақ есірткі граффитиін анықтау үшін рейдтер жасаймыз, содан кейін оларды бояймыз, – дейді ерікті.

Жыл сайын халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл күніне орай Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп Open Air өткізіледі.

Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша істелген жұмыстар бойынша жыл сайын Ақмола облысы полиция департаменті белсенді волонтерларды алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Ерікті болу үшін тек оған ынта-жігер керек. Ең бастысы ерікті ұйымдардың біріне қосылу. Бүгінде еріктілер саны артып келеді және бұл бізді қуантады, – деді ол.

Еріктілер қоғамның игілігі үшін тегін жұмыс істейді. Егер оларға жалақы төленсе, еріктілердің имиджін бұзатын жалған еріктілердің саны көп пайда деп есептейді.

Біз нашақорлыққа қарсы іс-қимылмен ғана айналыспаймыз. Сондай-ақ «Феникс» еріктілер орталығымен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асырамыз. Олардың бірі – «диспетчерлік қызмет» жобасы. Жоба денсаулықтың ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бағытталған. Олар баспалдақпен өздігінен түсіп және сыртқа шыға алмайды. Сол себепті ондай адамдарға баспалдақпен түсуге көмектесеміз және оған адами тұрғыда қолдау көрсетіп, толық сүйемелдейміз, – деді.

Олар кейде мұндай қауқары жоқ жандарды пәтерге дейін көтеріп, төсегіне жатқызған күндер көп болғанын айтты. Сонымен қатар, жыл сайын халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік мекемелерге барады.  

Мұндай мерекелік күндері әрдайым бізге қолдау көрсететін шаруа қожалықтары бар. Мәселен «Гормолзавод» пен «Агро-Хан» ЖШС басшылары Ерсайын Дулатұлы мен Саян Сырымбетұлы көп көмегін тигізеді. Мүмкіндігінше барлық адамдарға көмектесуге тырысамыз. Бүгін сіз көмектесіп, сол жанға бақыт сыйлайсыз, олардың жүзіндегі қуанышты көру біз үшін мәртебе, – дейді топ жетекшісі Ербол Амантаев.

Еріктілерге мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмектеседі. Өйткені кез келген жағдайда олар өз елінің мүддесін қорғайтынын айтады.

Біздің елімізде мұндай қызметті ілгерілету үшін қажетті жағдайлар бар деп сенімді түрде айта аламын. Көбінесе еріктілер мен еріктілер ұйымдары қажетті қолдауды алады. Ұйымға қосылу және шақыруға бірнеше рет қатысу сізді ерікті етпейді. Волонтерлік бұл оның айналасындағы нәрселер туралы үнемі ішкі алаңдаушылықты білдіреді. Ең алдымен, сізді марапаттайтынына немесе ынталандыратынына қарамастан, шынайы ізгі ниет болу қажет, – екенін айтты.

Соңғы жылдары жастар арасында еріктілік саласында айтарлықтай белсенділік барын тілге тиек етті. Олар айналада болып жатқан оқиғаларға мән бермей өтпейтіні, өте қатты қуантып отырғанын жеткізді.

Біраз уақыттан бері мен үгіт-насихат жұмыстары арқылы волонтерлікті ілгерілетуге ерекше назар аудардым. Бұған қатысуға ниет білдірген адамдардың саны мені таң қалдырды. Егер еріктілерге ақша төленетін болса, кеңсе жұмысынан айырмашылығы болмайды. Еріктілер өз тұжырымдамасын жоғалтады. Ал мұндай ұйымдарды қаржыландыру тек жақсы жағынан әсер етеді, – дейді «Еsirtkisiz bolashaq» тобының жетекшісі Ербол Амантаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: